Сақтықта – қорлық жоқ

505 Views

Аудан және ауыл тұрғындары жаз басталысы мен күз айына дейін малдың қыстық жем шөбін дайындау үшін білек сыбана еңбек етеді. Ең өкініштісі көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда тілсіз жау бір сәтте-ақ күлге айналдыруы әбден мүмкін. Тұрғындардың отты абайсыз қолда­нуы және балалардың отпен ойнауы, қыстық азық шөптің жойылуымен қатар, адам өміріне, жиналған шөп жақын тұрған үй-жайлар мен қораға және басқа да құрылыстарға үлкен қауіп әкеледі. Шаруа қожалықтар мен өндірістік кооперативтер басшылары және жеке азаматтар шөпті жинау және сақтау кезінде немесе шөпті арнайы орынға жеткізу кезінде сенімді техниканы дайындау және ұйымдастыруға көп көңіл бөліңіз­дер. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Өрт қауіпсіздік ережесін және негізгі талаптарын қатаң сақтаңыздар. Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына ауыл шаруашылық техникаларын жарамды ұшқын сөндіргішпен және алғашқы өрт сөндіру құралдармен қамтама­­сыз ету керек.
Шөпті жинау аймағы жаңғыш қо­қыстан тазартылған болуы керек. Өрт қауіпсізді­гіне арналған жер аудару жолағы кемінде 4 метр болғаны дұрыс.
Шөп жинау орындары электр желілерінен 15 метр қашықтықта орна­ласуы қажет және жолдарға дейінгі қашықтық 20 метрден кем болмауы керек. Шөпті көлікпен тасу кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы қа­жет. Өрт – астық жинау және шөп жи­нау науқаны кезінде, тракторларға және жүк машиналарына жанар-жағар­май­ды құюда белгіленген ережелерді бұ­зу кезінде орын алуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керасин және жеңіл тұтанып жанатын сұйықтар үлкен қауіп төндіреді. Дала шөбін жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақ­тап өрттен абай болыңыздар.

А.ҚҰЛПАМЫШОВ
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны.

Поделиться ссылкой: