Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жұмыс істеймін деген адамға мемлекеттен әрқашан қолдау бар. Мейлі ол жұмыссыз болсын, тіпті, пробация қызметінің есебінде тұрған азамат болса да, мемлекет тарапынан тиісті дәрежеде қолдау көрсетіледі.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да қоғамымыздың өкілі болып саналады. Оларға ешқандай шектеулер қоюға болмайды. Жұмысқа деген қабілеті болса, еңбекке жарамды болса, олардың да жұмыс істеуге қауқары жетеді. Міне, осындай игі бастаманы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы әрқашан іске асырып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда.
Бүгінгі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 16 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, оның 6-ауы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл дегеніңіз – мемлекет тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр деген сөз.
Жаннұр Кексрауов,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.