Еңбегімен танылған азамат
39 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Жаз айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен, сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн. Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да 10 жыл мерзімге рәсімделеді. Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін, төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Маңызды: Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек. Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
– Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды рәсімдеген кезде баланың болуы міндетті)
– Ата-анасының бірінің жеке куәлігі
– БАЖ төлемі туралы түбертек (8 МРП)
Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.
Т.Рысқұлов аудандық
халыққа қызмет көрсету орталығы.