Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды «мемлекеттік қызметші күні» деп жариялау қарарын қабылдаған.
* * *
2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.
* * *
2014 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.
* * *
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 96 910.
* * *
Кейінгі жылдары мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55-56% жеткен. Алайда, басшылық лауазымдарда олардың үлесі 40%-ға жетіп отыр.
* * *
Елімізде мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 39. Нақтырақ, 30
жасқа дейін – 21,6%, 30-дан 40 жасқа дейін – 34,7%, 40-тан 50 жасқа
дейін – 23%, 50 жастан жоғары – 20,7%
* * *
Елдегі мемлекеттік қызметшілердің 92%-ында жоғары білім бар. Қалған 8%-ы орта және орта кәсіптік білім алған. Оның шамамен 3 мыңы – шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері.
* * *
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматқа ауыстырылған.
* * *
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында «сервистік» мемлекеттік аппарат құруды тапсырған болатын. Әзірге бұл міндетті «Ашық үкімет» порталы атқарып отыр. 2020 жылы «Ашық Үкімет» порталы арқылы азаматтарға 41 мыңнан астам түсініктеме берілген.