АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
29 ViewsАдамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы және жеке шекарасы бар. Оны бағалау…
Өткен жұма күні аудан әкімі Асқар Қырықбаев Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесті. Жаңатұрмыстағы жиында жергілікті жұрт көгілдір отын мәселесін көтеріп, табиғи газды күте-күте көз талғанын жеткізді. Негізінен мердігер «Аққар-2009» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылы ауылға газ тарту мақсатында ауыл тұрғындарымен келісімге келген екен. Алайда, аяқсыз қалған жұмысқа ашынған халық аудан әкіміне мәселенің мәнісін айтып, шешімін тауып беруін өтінсе керек. Жиынға жоғарыда аталған серіктестіктің төрағасы Тәуіржан Байдәулетов те қатысып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді. Нәтижесінде желтоқсан айының 10 жұлдызына дейін ауылға газ кіргізіп беруге аудан әкімінің алдында уәдесін берді. Жиын барысында жаңатұрмыстықтар жол және ауыз су мәселелерін де көтерді. Жалпы 2013-2017 жылдары 9,2 шақырымды құрайтын ауылдағы алты көшеге асфальт төселіпті. Биыл Бауыржан Момышұлы көшесі жөндеуден өтетінін айтқан аудан әкімі алдағы жылдары ауыз су мәселесі де шешілетінін сөз етті.
М. СЕЙДАШЫМ.