Абаттандыру – ауылдың ажарын ашады
Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан орталығын абаттандырып, көркейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын зерделеді.
Панфилов және Жібек жолы көшелеріндегі көп қабатты үйлердің футбол алаңдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ауданымыздағы ең ірі елді мекендердің бірі – Луговой ауылын көркейту бағытында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Құрылысы аяқталған орталық саябақтағы балалар ойын алаңының, 2 шағын ауданда салынған жаяу жүргіншілер жолының, ауылды кесіп өтетін Қарасу өзенінің көпірін бақылап, атқарылған істерге өз бағасын берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.