Шолаққайыңдыға газ келсе…

410 Views

Осыдан бірер ай бұрын Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қ.Смат пен аудан әкімі Е.Садырқұлов бірігіп, 2021 жылғы атқарған жұмыстарының бір жылдық есеп беру жиналысын өткізген бо­латын. Жоспарға сай жасалынған жиналыста алдымен Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қ.Смат жиналған жұртшылыққа жыл ішінде атқарылған жұ­мыстарын баяндады. Содан кейін сөз тізгінін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е. Садырқұлов тізгіндеп, баяндамасын оқыды. Жиналыс барысында Тереңөзек ауылының тұрғыны, қоғамдастық мүшесі, ауыл ақсақалы Кеңес Дабылбеков ауылдағы мал жайылым мәселе­сі оң шешімін тапқанына алғыс айтып, қос әкімнің жұмысын «қанағаттанарлық» деп баға­лады. Жиналыс барысында көршілес ауыл тұрғындары да басшыларға өз өтініштері мен ұсыныстарын ашық айтып, халықтың ортақ уайымына айналған мәселелердің шешімін таппаққа ұмтылды.
Сонымен қатар, Шолаққайыңды ауылы­ның шешілмей жүрген, шешімін тап­пай жүрген мәселелері де қозғалған болатын. Солардың бі­рі әрі бірегейі – ауылға газ құ­бырын тар­ту. Туып-өскен ауылым болған соң, бұл мәселе­нің тезірек шешілуін мен де қалайтынымды жасырмаймын. Аязын арқа­лап қыс мезгілі келген уақытта, отын мен көмірді қаппен жинап, осы суықтан аман шығуды ті­леп отыратыны­мыз ақиқат. Сапасыз көмірін халықты алдап-арбап өткізетін саудагерлер де бар екені шын­дық. Ауылда газ құбырының болмауы – қарапайым халыққа материал­дық тұрғыдан ғана емес, моральды түрде де ауыртпашылықтар әкеледі. Халықтың мұң-мұқтажы мен пікір-ұсынысын мұқият тыңдап болған соң, Е.Садырқұлов аталмыш мәселенің биылдан қалмай шешілетінін өз сөзінде тілге тиек еткен еді. Шолаққайыңды ауы­лына газ кіргізу бойынша жобалық сметалық құжат дайын. Мемлекеттік сараптама қорытындысы да бар. 2022 жылға бюджеттік өтінім де беріл­ген. Жоба құны – 186,7 млн теңге. Енді ауылға тезірек газ құбыры тартылса екен…
Аяжан Олжабай.

 

Поделиться ссылкой: