Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 3 наурызында «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826-шы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл құжатта «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», – деп айтылған болатын.
Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов бекітілген кестеге сай Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Ернар Серікәліұлына ауылдық округте инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер, егістік, жайылымдық жер, ауыз су, елдімекендерді абаттандыру сынды әр түрлі мәселелер бойынша ауыл тұрғындары белсенділік танытып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.
Мәселен, Әбжапар ауылының тұрғындары Тоқаш Бокин көшесінің жолын жөндеу, трансформатор орнату, денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікке шығару, Жарлысу ауылының ауыз су мәселесі мен С.Сейфуллин көшесін жарықтандыру, көшелерге бейнебақылау орнату секілді сұрақтармен қайырылды.
Аудан басшысы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Дәл осындай форматтағы жиын Ақниет ауылдық округінде де өтті. Мәдениет үйіне жиналған жергілікті тұрғындар аудан орталығына қатынайтын негізгі жолды жөндеу, электр сымдарын және бағаналарын жаңарту, көшелерді жарықтандыру, Болашақ, Бәйтерек көшелерінің жолын жөндеу, мал жайылымы төңірегінде сауалдар жолдап, қажетті жауаптар алды.
Мөлдір Тастанбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.