Танымал есімдерді білесіз бе?

347 Views

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстанда 2022 жылдың мамыр айында ұлдарға қойылған ең танымал 10 есімді білесіз бе? Ең көп қойылған есімдердің біріншісі Алихан – 325 ұл баланы атаған, Айсұлтан – 237, Алдияр – 203, Нұрислам – 201, Амир – 188, Омар – 178, Алан – 176, Арсен – 176, Али – 166, Алинұр есімі – 151 балаға берілген. Ал енді қыз балалардың есіміне тоқталсақ. Ең танымал есім ол – Медина. Медина – 564 қыз баланы атаса, Айлин – 411, Айша – 395, Асылым – 366, Раяна – 355, Аяла – 287, Томирис – 282, Сафия – 279, Амина – 257, Айзере есімі – 254 қыз балаға берілген.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 мамырына халық саны – 19199844, әйел саны – 9874099. Жамбыл облы­сы бойынша халық саны – 1152135, әйел саны – 581725 адам. Ендігі кезекте ауда­ны­мызға тоқ­талсақ, халық саны – 65347, ал әйел адамдар саны – 31856. Сонымен қатар, қаңтар-сәуір аралығындағы табиғи қозғалысқа қарасақ, осы аралықта 463 бала туылса, 133 адам қайтыс бол­ған. Табиғи өсім 330 адам болып отыр. Осы аралықта ауданымызда 100 неке құрылса, ажырасу саны 14 некені көрсетіп тұр.
www.stat.gov.kz сайтында статистикалық есеп нысандарын тапсырумен қатар, өздеріңізге қызықты мәліметтерді ала аласыздар. Ресми ақпараттармен қоса бұл қызықты айдары арқылы сіз сияқты қанша адам бар екенін көрсеңіз болады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерін ескерусіз.
Б.Пірімқұлов,
аудандық Статистика басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: