Қарт ананы құттықтады
26 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Радиациялық қауіпсіздік — бұл, қазіргі және болашақ адамдарды денсаулықтарына зиянды ионды сәулелердің әсерінен қорғау жағдайы. Қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі негізгі принциптері орындалған уақытта (негіздеу, ұтымды ету, нормалау), радиациялық қауіпсіздік пен санитариялық ережелердің қажетті нормаларымен орнатылған радиациялық қорғаныс талаптарының орындалуында сақталады.
Радиациялық қауіпсіздікті қамту саласында мемлекеттік нормалау санитариялық ережелерді, нормаларды, гигиеналық нормативтерді, радиациялық қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік стандарттарды, радиациялық қауіпсіздіктің құрылыс нормалары мен ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және басқа құжаттарды орнату арқылы жүзеге асырылады. Радиация әрқашан да болды. Радиобелсенді элементтер Жер құрамына оның мекендеп бастаған кезеңінен енгізіліп, қазіргі уақытқа дейін бар. Бірақ та, радиобелсенділіктің өзі осыдан жүз жыл бұрын ашылды. Радиоизотоптарды немесе ион беруші сәуле көздерін қолдану арқылы медициналық емшараларды өткізу кезінде азаматтарды (пациенттерді) арнайы қорғаушы құралдары қолданылады. Пациенттердің сәулелену дозасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде орнатылған деңгейден аспауы тиіс. Ион беруші көздерімен жұмыс істеу барысында алынған сәуле берудің жеке дозаларының бақылануы мен есебі, медициналық рентгенрадиологиялық шараларды өткізу, сонымен қатар техногенді радиациялық тұрғыда берілгендерді де, ҚР Үкіметінің анықтаған сәуле берудің жеке дозаларын бақылау мен есебін жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберіндегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады. ҚР азаматтары, ҚР аумағында мекендейтін шет елдің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл құқық жоғарыда көрсетілген нормалардың адам ағзасына радиациялық әсер етуге жол бермеудің кешенді шараларын жүргізу арқылы, сонымен қатар ионды сәуле беруші көздерін қолданумен әрекет жасайтын азаматтармен және ұйымдармен қамтылады. Радиация – тарихи кезеңде мәдениеттіліктің дамуында маңызды рөл атқарады. Радиобелсенділіктің болуына орай медицина саласының түрлі кезеңдерінде, өнеркәсіпте, энергетикада даму қарқыны байқалды. Бірақ та, осыған қоса радиациялық элементтердің жағымсыз жақтары да көрінді. Радиациялық сәуленің адам ағзасына зиянды екені сөзсіз. Ол трагедияға да жолықтыруы әбден мүмкін. Осы тәрізді факті қоғам назарынан тыс қалмады. Радиацияның адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиянды екені айқынырақ көрінген жағдайда, ол адам әрекеттілігінде қаншалықты маңызды екені тереңірек танылды.
Г.Қабылова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы.