Ботулизмнің алдын алу
22 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының енгізілуіне еліміздегі неке бұзу санының көбеюі, отбасы құндылығының төмендеуі негіз болып отыр. Пилоттық жобаның мақсаты – отбасылық дауларды азайту, отбасын сақтап қалу, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау және кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында тәрбиеленуі болып табылады.
Қазіргі таңда бұл пилоттық жобаға арнайы тағайындалған татуластырушы судьялар, сотқа арызданған тараптар қатысуда. Жоба аясында некесін бұзуға бел буған отбасылармен аудан әкімшілігі жанынан құрылған арнайы топ жұмыс жасайды. Бұл топқа мамандар (психолог, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т.б.) кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья отбасылық қарым-қатынастардан туындайтын даулар бойынша тұрғындардың талап қою арыздарын өндірісіне қабылдамастан бұрын 10 жұмыс күні ішінде тараптармен жұмыс жасап, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдағанға дейін татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Тараптар татуласу рәсімдеріне қатысуға келісіп, шақыруды қабылдаған жағдайда, татуластыру рәсімін жүргізуші судья психологпен және билер кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, ерлі-зайыптылардың арасында орын алған жанжалды шешуге бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Отбасы – ынтымақ пен берекенің алтын қазығы. Отбасын сақтау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланған жөн.