Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Серік Тұрысбекұлы Өзбеков 2022 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша «Құлан таңы» аудандық газетінің тілшісі Ф.Есімқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасының міндетін атқарушы конференция барысында сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректер келтіріп өтті.
2022 жылдың 6 айында үкім шығару арқылы 29 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралған. Есепті кезеңде 256 тұлғаға қатысты 256 әкімшілік іс қаралып, 211 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 45 іс қысқартылған, оның ішінде, 22-сі тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы қысқартылған.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 6 айында 336 азаматтық іс қаралып, оның ішінде, 186 іс бойынша шешім, 53 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 41 азаматтық іс қараусыз қалдырылған. 46 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде, медиация тәртібімен 42 азаматтық іс, 3 азаматтық іс бітімгершілік тәртібімен қысқартылған, соттылығы бойынша 5 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 23 мақала жарияланып, 6 «Дөңгелек үстел», 12 семинарлық сабақ және 2 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға м.а. С.Өзбеков тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.
«Құлан таңы» ақпарат.