«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша көшпелі cеминар өтті

464 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының ұйымдастыруымен ХҚКО – да «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша көшпелі семинар өткізілді.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы Е.Берікбай өз баяндамасында «Сот кабинеті» халық арасында танымал болуымен қатар, адвокаттардың, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысына тиімді жәрдемдеседі. Азаматтардың құқықтық мәдениетін жақсартуға және олар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал ететіндігін атап өтті.
Бұл үшін «Сот кабинеті» сервисінде стандартты тіркеуден өту, қолданушылық келісімге қол қою және сотқа электрондық құжат нысанында құжаттарды беру туралы ұсынымдарымен танысу қажет. Сервистің артықшылығы компьютер, интернет және электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда, талап-арызды кез келген уақытта бере алады. Мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжаттын, сондай-ақ, істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: