Бір биік боп қаларыма сенем, бек…
37 ViewsАУЫЛДА ТҰРЫП, ҚАРАПАЙЫМ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ӨЗІ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРІ АРҚЫЛЫ МҰҚЫМ ҚАЗАҚҚА ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ БОЛҒАН АҚЫН ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ОНЫҢ ЛИРИКАҒА ТОЛЫ СЫРШЫЛ…
Донор күні үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегі күні аудандық орталық ауруханада өткізіледі.
Қан тапсыруға жақсылап демалып, өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңізді алып келулеріңіз керек. 450 мл мөлшерде қан тапсыру сіздің ағзаңызға мүлде қауіпсіз, Донорлар қаны гепатит В, С АҚТҚ – инфекцияларына, мерезге, бруцеллезге тегін тексеріледі.
Қан тапсыру алдында донор тамақтану тәртібін сақтау керек:
— қан тапсыру қарсаңында ащы, қуырылған, майлы тамақты (май, ет, қаймақ, жұмыртқа, сүт, балмұздақ) жемеуі керек, жемістерден бананды;
— қан тапсыру күні таңертеңгілік ас жеңіл болу керек (нан мен тәтті шай);
— қан тапсыру алдында 48 сағат бұрын ішімдікті қолдануға, 1 сағат бұрын темекіні шегуге болмайды;
— қан тапсырғаннан кейін донорға жоғары калориялық тамақ, көп сусын қабылдау ұсынылады.
«Нұр Отан» партиясының
Т.Рысқұлов аудандық филиалы.