Аса қауіпті індеттерге жататын тырысқақ пен оба аурулары туралы не білесіз?

809 Views

Тырысқақ – аса қауіпті жұқ­палы ауру. Тырысқақ ауруы ішек ауру­ла­рының ішіндегі ең қауіптісі.
– Тырысқақ – іштің жиі өтуімен және лоқсумен сипатталады.
– Тырысқақпен ауырғанда, күріш суы тәрізді іштің өтуі байқалады.
– Тырысқақты дер кезін­де ем­демесе, бірнеше сағат ішінде ағзаның сусыздауынан өлімге алып келуі мүмкін (ағзадағы су мен тұздардың жоғалуы).
Тырысқақ қалай таралады?
–Тырысқақ вибрионы, инфекция жұқтырған адамның нәжісінде болады.
–Тырысқақ, инфекция жұқтырған адамның нәжісі күнделікті тұрмыс­тық заттарға, ауыз су немесе тағамға қолданылатын суға түскенде, сонымен қатар, тырысқақ вибрионымен залалданған су қоймасынан ұсталған балықтарды қолданғанда таралады.
Өзіңізді және жанұяңызды, тырысқақ пен басқа да жұқпалы ішек инфекцияларынан қалай қорғауға болады:
– Тағам даярлау кезінде қауіпсіз суды пайдалану қажет.
– Қолды жиі сабындап таза су­мен жуу қажет. Сабын болмаған жағ­дайда, құрамында спирті бар қолға арналған жуу сұйықтықтарын немесе дезинфекциялық заттармен жуу қажет, сонымен қатар, қолды күлмен немесе құммен ысқылап, соныңда мұқият таза сумен жууға болады.
– Өзіңіздің физиологиялық қажет­тілігіңізге қарай тек қана дәретхананы қолдану қажет.
– Тағам даярлау кезінде, термиялық өңдеуден өткізу қажет (әсіресе теңіз өнімдерін, балықтарды). Даярланған тағамды жабық күйінде тоңазытқыш­та сақтау қажет, жеміс-жидек және көкөністерді мұқият жуу қажет.
– Бөлмелерді (асхана, дәретхана, душ, ванна) жуу жабдықтарымен залалсыздандыру қажет.
Оба – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубон­дық, септикалық түрлері болады. Се­бе­бі, «Үеrsіnіа реstіs» – бактериялық тобына жататын – табиғи ошақты жұқпалы ауру. Адамға жанасу, ауа-тамшы және алиментарлық жолмен жұғады. Сонымен қатар тасымалдаушылар – бүргелер арқылы жұғады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы тара­лады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, тал­шық­тары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш зат­тар­мен тез бояла­ды. Кемірушілер денесінде 4-5 ай, бүр­гелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы.
Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3-6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39-40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау­қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүр­ге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотолог және эпидемиолог тексеру жүргізеді; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератиза­ция, дезинсекция және дезинфекция, санитариялық — ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолау­шы­ларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргі­зіледі. Емі – науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик (әр түрлі ерітінділер құю), этиотропты (антибио­тиктердің бірнеше түрін бір­ден енгізу), гормондық препарат­тармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстан­да оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 аудандық бөлімшелері бар.
Жеке бас гигиенасын ұстана отырып, сіз өз өміріңізді сақтайсыз!

К.Кабираева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы.

Поделиться ссылкой: