Жастар – қоғамның қозғаушы күші
12 тамыз – Халықаралық жастар күні
«Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер» деген сөз айтыпты заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов. Бұл не деген сөз? Бұл – ізденсең, еңбектенсең ғана нәтижеге жетесің деген ұғымды білдіреді. Мотивация ма? Нағыз мотивацияның көкесі – осы, мінеки. Ал, сол ынта-жігеріңізді оятып, жастарға бағыт-бағдар беріп, тікелей солармен жұмыс жасайтын қай мекеме? Әрине, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, біз, аталмыш мекеме ұжымына бардық. Жастар ресурстық орталығының директоры Әбіләшім Мырқасымов пен орталық директорының орынбасары Ерболат Жәдік бізді жылы шыраймен қарсы алды. Отырып, емен-жарқын сөйлестік. «Ауданда 14 пен 29 жас аралығында қанша жас бар?», «Neet жастар деген кімдер?», «Мекеме жастарға қандай көмек беріп жатыр?». Бұл жұртшылықтың көкейіндегі сауалдар. Біз осы сұрақтарды қойдық мекеме директорына. Жауап төмендегідей.
– Қазір жастарға мемлекет тарапынан қолдау ерекше. Елімізде жастар саясатының өрісті дамуы үшін түрлі бағдарламалар да қабылданды. Жастар, яки мына біздер үшін бүгінгі таңдағы басты мақсат – Азаттығымыздың қадірін бағалап, жастар арасында ұлтжандылық қасиетті ояту. Біз осы мақсатта жұмыс атқарып келеміз.
Статистика бойынша Т.Рысқұлов ауданында 65 347 адам тұрады. Оның ішінде жастар – 14 546 адамды құрайды. Ол жалпы халықтың 21 пайызы деген сөз. Осы 14 546 жастың ішінде 7936- адам ер азаматтар болса, 6610-ы әйел азаматшалар. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де штаттық кесте бойынша 28 қызметкер жұмыс жасайды. Орталық пен 15 ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі инспекторларын қоса есептегенде. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Жібек жолы көшесі, 106 мекен-жайында орналасқан. Орталықта 3 бөлім жұмыс жасайды. Олар: Ақпараттық талдау және мониторинг бөлімі, басшысы Мағжан Дәкенов, Ұйымдастыру және бақылау бөлімі, басшысы Нұрым Тоқтаралиев және Жастарға қызмет көрсету бөлімі. Ақниет Қасымова жастарға қызмет көрсету бөлімінің психологы. Осы бөлімнің басшысы, инспектор-теолог және Қайыңды ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектордың лауазымы бос тұр. Білікті, бастамашыл жастар болса, жұмысқа алуға әзірміз. Жазира Мұсаева бас есепші, Бұлбұл Кеңес ақпараттық талдау және мониторинг бөлімініңинспекторы, Шерхан Талғат ұйымдастыру және бақылау бөлімінің инспекторы. Ал Ақниет ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Динара Жолшыбек, Тереңөзек ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Ұлжан Джангарашева, Ақыртөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Нышанкүл Сәрсенбаева, Өрнек ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Шұғыла Арпилда, Құмарық ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Перизат Әшірбек, Көгершін ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Мейірбек Шайслам, Көкдөнен ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Нартай Жауын, Луговой ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Салтанат Қызай, Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Ерлан Аманбеков, Абай ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Тоқсаба Тоқтасынов, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Данияр Кәдірбек, Қорағаты ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспектор Нұргелді Сейтқазы, – дейді Әбіләшім Мырқасымов. Бұл бірінші сұраққа жауап.
Ал екінші сауалдың төркініне ойысайық. Оны Әбекең былай түсіндірді. «NEET дегенді қазақы ұғымға салып, «жұмыссыз жастар» деп атағанымыз жөн болар. 2022 жылы Т.Рысқұлов ауданы бойынша облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы статистикалық мәліметтер жүргізіп, нәтижесінде осы санатқа жататын 935 жас анықталды. Қазіргі таңда 685 жастың үйіне адрестік жұмыстар жүргізілді. Араланған 685 жастың 56-ы жұмыссыз, 12 жас мәлімет беруден бас тартты. 97 жас өзге өңірлерге көшіп кеткен. 19 адам басқа мемлекетке жұмыс немесе оқуға кеткен, 65 адам бала күту демалысында отыр. Анықталған жұмыссыз жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ, жастардың жұмысқа орналасуы мен жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мүдделі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен семинарлар және мастер-класстар өткізу мақсатында арнайы жоспар бекітіп, жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде» деді орталық директоры. Осы кезде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Ерболат Жәдік:
– Мынау жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жоспарымыз. Меніңше, бұл мәлімет те мақалаңызға тұздық болып қалар, – деп, қолымызға қағазға жазылған дерек ұстатты. Танысып шықтық. Керек-ақ деталь екен. Ол – мына дерек. 2022 жылға жастарды жұмыспен қамтудың үлес саны – 806. Бүгінгі күнге орындалғаны – 205. Яғни, 25,4 пайыз. Ал категория бойынша төмендегідей.
– тұрақты жұмысқа жоспар – 477 ( оның ішінде 272 жас жұмысқа тартылды);
– жастар практикасына жоспар – 103 (оның ішінде 52 жас жұмысқа тартылды);
– әлеуметтік жұмыс орнына жоспар – 10 (оның ішінде 15 жас жұмысқа тартылды);
– ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар – 70 (оның ішінде 54 жас жұмысқа тартылды);
– кәсіптік оқуға (3 айлық курс) жоспар – 10;
– кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар – 206;
– микрокредит алуға жоспар – 25;
– қайтарымсыз грант жоспар – 131. Бұдан өзге аудан бойынша пробация есебінде 19 жас тіркелген. Пробация есебінде тұрған жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу мақсатында 7 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, «Салауатты өмір салты – саулық кепілі» атты спартакиада, «Құлан қалашығына» атты экскурсия өткізілді. Олар да жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, яғни бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне тартылды. Сондай-ақ, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша «Құлан агротехникалық колледжінен студенттер және жұмыссыз NEET санатындағы 15 жас қоғамдық жұмысқа тартылып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысыпты. Аталмыш бағдарламаға аудандық бюджеттен 6 млн. теңге бөлініп, 100 жасты маусымдық жұмыспен қамту көзделіп отыр екен. 6 ай қорытындысы бойынша 2820,0 қаражатқа әзірге 47 жас жұмыспен қамтылыпты. Күз мезгілінде тағы да 53 жасты жұмыспен қамтысақ деп отыр ресурстық орталық. Газетті қалт жібермей оқитын оқырманның да бізге қояр сұрағы осы еді. Жұртшылықтың көкейіндегі сауалды қойдық. Олар да ештеңені жасырып, қымсынып қалған жоқ. Ашығын айтты. Біздіңше, жауап қанағаттанарлық. Енді тек аядай ғана емес, емін-еркін отырып жұмыс жасайтын кеңдеу нысан болса, тіпті қатып кетер еді… Бұл енді өз ойымыз.
Ал, енді үшінші сауал. Жалпы, «Жастар ресурстық орталығы не тындырып жатыр?» дегенге келсек, 2022 жылдың 6 айында атқарылған тірлік көп. Ресурстық орталық мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім беру ұйымдарымен бірлесе жалпы 342 іс-шара өткізіпті. Оның 41-і мәдени, 86-сы рухани, 50-і құқықтық, 16-сы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында, 45-і психологиялық кеңес, 16-сы діни, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 4 кеңес беру алаңын, 29-ы әскери-патриоттық, этносаралық келісім бағытында 11, 35-і спорттық және 32-сі экологиялық сенбілік. Осы іс-шараларға барлығы 11 405 адам қамтылған екен.
Айтпақшы, осы аралықта Әбіләшім Мырқасымов жиналыс жасап та үлгерді. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа Қорағаты ауылдық округіне келіп, ауыл жастарымен кездесу өткізеді екен. Орталық директоры қызметкерлерге тиісті тапсырмалар жүктеді. Жиналыстан соң, әр қызметкер өз жұмысына кірісіп кетті. Әйтеуір, компьютерден көз алмайды барлығы. Содан соң, әңгіме төркініне қайта ойыстық.
«Ардагерлерді ардақтайық» атты акция, «Туған жердің тарихы тұнған шежіре» атты экскурсия, аудандық волонтер жастармен кездесу, «Спорт – денсаулық кепілі» атты аудан жастары арасында футболдан жарыс, ауылдық округтерде түрлі сала мамандарымен «Қоғамдық сақшы» және «30 игі іс» жобасы аясында «Тегін ТАХІ», «Қайырымдылық марафоны», ұлттық ойындарды дәріптеу барысында «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» т.т ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Одан бөлек, волонтерлық бағытта 102 іс-шара, атап айтқанда, «Сабақтастық» –10, «Саулық» – 18, «Таза әлем» – 20, «Асыл мұра» –10, «Қамқор» – 26, «Білім» – 8, «Үміт» – 14 іс-шара өткізіліп, оған 9007 адам қамтылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлықсыз болашақ» атты акция, «Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыпта спартакиадалар, Neet санатындағы жастар арасында футболдан, волейбол және киберспорт ойындарынан турнирлер, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы» атты кездесулер мен дөңгелек үстелдер, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жастар сенбіліктері және т.б. шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында «Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге әдептілік, инабаттылық сияқты ұлттық қасиеттерді қыздардың бойына сіңіру, тәрбиелеу» тақырыбындағы жұмыс жоспары бекітілді. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 4 іс-шара ұйымдастырылып, 85-тен аса қыз баласы қамтылды. Өткізілген іс-шараларды ryskulov_jastary парақшасынан көре аласыздар, – деді Әбіләшім Әнуарбекұлы.
Бетті дайындаған
Марат Диханбай.