Жәрмеңке жұртты жарылқады

434 Views

Өткен сенбіде аудан әкімдігінің ұйым­дастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру. 

Жәрмеңкеде 15 ауылдық округтен жеткізілген күнделікті халықтың тұрақты тұтынатын картоп, сәбіз, пияз, бал, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, бақша дақылдары және мал азығы да халыққа нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен ұсынылды.
Жалпы жәрмеңке сатушы мен сатып алушыға бірдей тиімді. Бірінші кезекте, тауарды сатушы ешқандай делдалсыз халыққа ұсынған болса, екіншіден, сатып алушы сапалы, таза өнімді арзан бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл қазіргі таңда әрбір ауылдық округте «Алқаптан сөреге дейін» атты шарасы өткізілуде. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасымен іске асып жатқан бұл іс тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, делдалсыз жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері Луговой және Құлан ауылдық округтерінде жоспарлы түрде жүзеге асуда. Естуімізше, бұл дәстүрлі шара алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Аудан тұрғындары жәрмеңкеге шығарылған ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді. Ізінен халықтың пайдасы үшін жасалатын дәл осындай шаралардың ат ізін суытпай жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Балжан ЖЕҢІС.

Поделиться ссылкой: