Бір биік боп қаларыма сенем, бек…
37 ViewsАУЫЛДА ТҰРЫП, ҚАРАПАЙЫМ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ӨЗІ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРІ АРҚЫЛЫ МҰҚЫМ ҚАЗАҚҚА ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ БОЛҒАН АҚЫН ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ОНЫҢ ЛИРИКАҒА ТОЛЫ СЫРШЫЛ…
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің және «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеп шықты.
Зерделеу жұмыстары барысында білім ошағының оқу кабинеттерін аралап, мектептің тәртібі, тазалығы, жабдықталуы, қауіпсіздігі мен ішкі тәртіпті бақылап, жауапты қызметкерлерге жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуына назар аударды. Сондай-ақ, Әлібек Мамытжанұлы мектеп асханасы мен кітапхананың жұмысына да зер салды. Оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды күшейту қажеттігін тілге тиек етті. Аудан әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында мектеп пен балабақша қызметкерлері жіберген кемшіліктерді түзету үшін ұжым басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Әлібек Мамытжанұлы жұмыс сапары соңында ауылдық кітапхананың жұмысына да зер салып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Кейіннен Құлан ауылында орналасқан №24 спорт мектебінің жаттықтырушыларымен кездесіп, оқу-жаттығу процесімен танысты.
Мөлдір ТАСТАНБЕК,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.