Жемқорлық – жегі құрт

496 Views

Жемқорлықпен қарсы күрес Қазақстан­дағы мемлекеттік сая­сат­тың басты басымдықтарының бірі ре­­тінде анықталған.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, са­рапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жал­та­руға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазым­ды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Қазақстан Республикасының мем­лекеттік саясатының негізгі ба­­сым­дылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Соңғы жылдары парақорлыққа, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшеюде.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбы­лысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.
Заң бойынша сыбайлас жемқор­лыққа жол бергендер жазасыз қал­майды. Пара берген де, пара алған тұлға да жауапқа тартылады.
Сондықтан сыбайлас жемқор­лықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Ұ.Ақпанова,
аудандық сот кеңсесінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: