Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
М.Горький атындағы орта мектепте мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер және этно мәдени орталық мүшелері жиналып, «Астана – бейбітшіліктің бесігі» атты тақырыпта диктант жазды. Диктант тақырыбының өзі айтып тұрғандай, игі бастама Астана қаласының 20 жылдығына арналған еді. Мазмұнды, әрі мәнді-мағыналы шараны өткізу идеясы Қазақстан халық Ассамблеясына тиесілі екендігін айта кеткен жөн болар.
Жалпықазақстандық ашық диктантты жаздырудағы мақсат – мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болатын.Сонымен қатар тіл қадірін түсіну, мәртебесін көтеру, салт-дәстүрді берік ұстану және қазақстандықтардың арасында сауаттылықты арттыру ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалған жоқ.
Жалпы М.Горький атындағы орта мектепте өткен шараға 70-тен астам қызметкерлер қатысса, аудан бойынша 5029 адам диктант жазды. Диктанттың мәтінін Гүлмираш Қырықбаева, Гауһартас Тастанбаева, Шынар Халбаева секілді тіл мамандары мәнеріне келтіріп, оқып берді. Айналасы 20-30 минут аралығында қатысушылар жұмыстарын аяқтап, байқау қорытындысын тағатсыздана күтті.
Қатысушылардың жұмыстары үздік, жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлық емес шкаласы бойынша бағаланып, арнайы коммиссияның шешімімен «Үздік» деп танылған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетер бір жайт, жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы бір мезетте еліміздің барлық өңірінде өткізілді. Қазақстан халық Ассамблеясының ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, аталмыш шараға республика бойынша 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.