Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Күні кеше Жақсылық ауылында бір емес, үш бірдей кәсіп ашылды. Республикалық «ZHAS PROJECT» жобасының аясында кәсіп ашқандар еліміздегі алты өңірді қамтып отырған бұл бастама жастарға жол ашып, жарқын болашаққа жетелейді деп сенеді.
Үстіміздегі жылы жоба ұйымдастырушыларына 3000-ға жуық жұмыстар келіп түскен. Оның ішінде 1027-сі іріктеуден іркілмей өтіп, мемлекеттен 1000000 теңгеге дейін қайтарымсыз несие алған. Статистикаға сүйенер болсақ, облыс бойынша 222 жоба өтсе, ауданымыз бойынша қатысқан 28 жұмыстың 12-сі аталмыш сомаға қол жеткізіп отыр. Қолға тиген қаражатқа жастар керекті құрал-жабдықтарын алып, өз істерін бастап үлгерді. Солардың бірі – Арайлым Әліке.
«Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, өлкелерге саяхат» деп аталатын жобаны ұсынған Арайлым еліміздегі туризм саласын дамытуды көздейді. Жақында мектептің отызға жуық оқушысын Тараз қаласындағы тарихи орындарға апарып, аралатып келген. Олардың арасында дамуы тежелген оқушылар да бар екендігін айта кеткен жөн болар. Арайлымның айтуынша, балалардың жол қауіпсіздігі де аудандық жол патрульдік полициясының қатаң бақылауында екен.
Екінші ашылған кәсіп түрі – «Көркем» сұлулық салоны. Жақсылық ауылының тұрғыны Раушан Ахметова жанына Аида Бекботаева, Салима Әлімкешова, Айбегім Бөтеева сынды құрбылармен бірлесіп сұлулық салонын ашқан. Онда қыздарға арналған әртүрлі шаш үлгілерімен қатар, ер балаларға да қызмет көрсетіледі. Одан бөлек осы мамандықтың түрін үйренгісі келген жастарға тегін дәріс беріледі.
Ауданымыздың жері, ауа райы ауылшаруашылығына бейім болғандықтан, үміткерлердің көпшілігі өз істерін осы салаға бағыттаған. Жылқы малын жастайынан жақсы көретін Мақсат Дүйсембетовтың айтуынша, қымыз, саумал арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады. Сол себепті де ол өз кәсібін жылқы малымен байланыстырыпты. Мақсат ауылдың науқас тұрғындарына алты ай бойы тегін қызмет көрсетуге дайын. Бұл жайында әрдайым жастардың жанынан табыла білетін «Құлан Нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахыткүл Мырзагелдиева былай дейді:
– «ZHAS PROJECT» -жастарға арналған жоба. Өз кәсібін ашам деген жастарға 1000000 теңге жуық ақша бөлінеді. Ол сомаға олар кәсібіне керек құралдарды алып, белгілі бір мөлшерде алты ай бойы халыққа тегін қызмет көрсетуі керек. Алайда, жоба жетекшісі мен жоба құрамындағы 2-3 адам алты ай бойы айлық алып отырады. Жоба мерзімі аяқталған соң олар өз ісін жалғастырып, ақылы түрде қызмет көрсете алады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.