Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті игі бастаманы қолға алып отыр. Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау шеңберінде «Таза қала және 90 мың жаңа ағаштар» атты республикалық сенбілік акциясын Жамбыл облысында жүзеге асыру үстінде. Айта кетейік, аталмыш акцияның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, аймақ көркін жасыл-желекке баулу болып табылады.
Бұл бастамаға қолдау көр сету мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі сенбі күні ілкімді шара ұйымдастырды. «Дендро» саябағында өткен сенбілік акциясына аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау, білім, қаржы, ауылшаруашылығы, денешынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандарымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторлары қатысты. Сенбілік барысында алдымен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева сөз сөйлеп, «Таза қала және 90 мың жаңа ағаштар» атты жалпыұлттық акциясының мәні мен
мазмұнын түсіндіріп берді.
Содан соң, акцияға қатысушылар «Дендро» саябаққа өздері ала келген шие, шырша және қараағаш көшеттерін отырғызды. Осы ретте, аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Самылтыровты сөзге тартып көрген едік. Біздің сауалға ол
былайша үн қатты.
–Ата-бабаларымыздан «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген қанатты сөз қалған. Бүгінгі аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып отырған осынау ауқымды акция барысында менің ойыма дәл осы өнегелі өсиет түсіп отыр. Мінеки, өзің көріп отырғандай, біздің ұжым шырша ағашын егіп жатыр. Алдағы уақытта бұл ағаштар сәнді саябағымыздың келбетін одан сайын нұрландыра түсетін болады. Менің ойымша, осы әрекетіміздің өзі патриотизмнің нақты бір көрінісі іспеттес,-дейді Бауыржан Самылтыров.
Марат ДИХАНБАЙ.