Сайлау ауылдық округке

697 Views

Көкдөнен ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат болып тіркелген
Атабаев Төлеген Алпамысұлының
өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны

табаев Төлеген Алпамысұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында дүниеге келген.
1984 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке барып, осы аталған мектепті 1994 жылы бітіріп шықты.
1994 жылы Алматы қаласындағы Алматы мемлекеттік университеті «География-экология» факультетінің «География және Туризм» мамандығына түсіп, аталған оқу орнын 1998 жылы аяқтады.
1998-1999 жылдары аралығында Отан алдындағы борышын Өскемен қаласындағы №3477 әскери бөлімінде атқарды. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметіне келісімшарт бойынша қабылданып, 2000-2001 жылдары ҚР ҰҚК ШҚ «Боран» десанттық шабуылдау тобының старшинасы болды.
2002 жылы ҚР ҰҚК ШҚ институтын бітіріп, алғашқы офицер атағы «Лейтенант» шенін алды.
2002-2013 жылдар аралығында шегара қызметінде болған.
2015-2016 жылдары «Алматы механикалық колледжі» алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
2016-2017 жылдары «Дарын» компьютерлік орталығы ЖШС-де еңбек етсе, 2018 жылдың 3 қыркүйегіне дейін «Ердаулет» ЖШС-нің директоры болып қызмет етті.
2018 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасы жағдайы: Үйленген, 5 баласы бар.

Сайлауалды бағдарламасы

Мен, Атабаев Төлеген Алпамысұлы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда, осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдарының экономикалық нығаюына жұмсаймын.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық және көкейтесті мәселелерін шешу мақсатында аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындардың күнделікті тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сәтсіз отбасыларының болмауын, ауыл шаруашылық құрылымдарының санын көбейту бағытында жұмыстар атқарамын.
Шағын және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарының толыққанды жұмыс істеуіне, оларға субсидия және несиеге қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, мәдени шараларды уақытылы, ұлттық салт-дәстүрге сай, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарға енгіземін.
Заман талабы өзгеріп, көшіміз түзелетін шақта, округ әкімі болып сайлансам осы жұмыстарды атқаруға және ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждарын қорғап, Сіздердің үлкен сенімдеріңізге ие бола отырып, бар күш-жігерімді саламын.

Көкдөнен ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат болып тіркелген
Балпанов Даурен Тлеулесұлының
өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны

Балпанов Даурен Тлеулесович 1969 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Бірлес ауылында дүниеге келген.
1990-1992 жылдары Алматы арнайы орта милиция мектебін «Құқық қорғау органдарының заңгері» мамандығы бойынша, 2000-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс өтілі:
1986-1887 жж. Балалар мен жасөспірімдер ұйымында меңгеруші.
1987-1989 жж. 03337 Забайкалский әскери округінде әскери борышын атқарды.
1989-1990 жж. Балалар мен жасөспірімдер ұйымында мұғалім.
1990-2006 жж. Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінде қызмет атқарды.
2006-2009 жж. «Жамбыл» шаруа қожалығының жетекшісі.
2009-2016 жж. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қытай мұнай инженерлік» ЖШС кадр маманы.
2017-2018 жж. Оңтүстік Қазақстан өңірлік 24627 әскери бөлімінде «Заңгер».
2018 жылдан бастап Т.Рысқұлов аудандық «Халықты жұмыспен қамту» орталығы директорының орынбасары.
Марапаттары: «ҚР Конституциясына – 10 жыл», «ҚР Қылмыстық іздестіру бөліміне – 100 жыл» және «ҚР Полициясына – 30 жыл», «Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының ардагерлер ұйымына – 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Жамбыл облысының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Ауылдық округке қарасты елді мекендерде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Жарғысын насихаттауға, түсіндіруге бар күшімді әрі жинаған тәжірибемді, білімімді жұмсаймын. Қазақстан Республикасының Ата заңы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларын, ҚР Нормативтік заңдарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етемін.
Ауылды көріктендіру және абаттандыру, бизнесті дамыту, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге шағын бизнесін дамытуға көмек беру, ауылға инвестор тарту, тағы басқа жұмыстарды ұйымдастырамын.
Елді мекендердегі асфальттанбаған көше жолдарын асфальттау туралы тиісті шараларды ұйымдастырамын.
Елді мекендерде көше жарығы орнатылмаған көшелерді жарықтандыруға ықпал етемін.
Тұрғындарға өндірістік кооперативтерге бірігудің маңыздылығын түсіндіріп, кооперативке бірігу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, аймақтың әлеуметтік жағдайын арттыруды ұйымдастырамын.
Шаруа қожалық басшыларымен бірлесіп, ауыл шаруашылық егістік өнімдерінің жоғары сұранысқа ие майлы дақылдарын өсіру жұмыстарын жолға қоямын.
Округтегі жұмысқа жарамды мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды, жазасын өтеп келген, істі болған азаматтарды, заң жүзінде отбасынан ажыраған азаматтарды, көпбалалы отбасыларын тұрақты жұмыспен қамтуды қолға аламын.
«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы ауылдық округтегі жұмыссыздықты төменгі деңгейге түсіремін.

Көкдөнен ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат болып тіркелген
Омаров Исатай Файзуллаұлының
өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны

Омаров Исатай Файзуллаевич 1983 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2004-2008 жылдары Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде күзетші.
2008-2012 жылдары «Белкамит» заводының жұмысшысы.
2012-2013 жылдары «Электрощит» заводының жұмысшысы.
2014-2015 жылдары аудандық «Жастар орталығы» ресурстық КММ-нің Қарақыстақ ауылдық округі әкімдігі бойынша маманы.
2015-2016 жылдары Абай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.
Отбасы жағдайы: Үйленген, 3 баласы бар.

Сайлауалды бағдарламасы

Ауылдық округке қарасты елді мекендерде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын насихаттауға, түсіндіруге бар күшімді, жинаған тәжірибемді, білімімді жұмсаймын. Қазақстан Республикасының Ата заңы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің қаулысын, ҚР Нормативтік-құқықтық заңдарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етемін.
Ауылды көріктендіру және абаттандыру, бизнесті дамыту, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге шағын бизнесін дамытуға көмек беру, ауылға инвестор тарту, тағы басқа да жұмыстарды ұйымдастырамын. Округтегі жұмысқа жарамды мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды, жазасын өтеп келген азаматтарды, көпбалалы отбасыларын тұрақты жұмыспен қамтуды қолға аламын.

Поделиться ссылкой: