ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Аталмыш аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары қатысты.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, Тереңөзек ауылдық округінде жүргізілген инспекторлық зерделеудің қорытындысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Көпбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, Нұрлан Талғатұлы жиында ауылдық округ әкімдерінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша салынған айыппұлдары мен ескертулері туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, басқосуда жуырда өткізілетін маңызды іс-шараларға дайындық жұмыстары да пысықталды. Ол туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назира Алтауева сөз етіп, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында өтетін шараның бас жоспарымен таныстырды.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.