Қарапайым еңбек адамдарына құрмет

776 Views

Жақында Жаңатұрмыс ауылдық огругіне қарасты «Құлбарақ» шаруа қожалығында елеулі іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №20 п. 58 Қаулысы негізінде ауылшаруашылығы саласында көп жыл еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандары және кәсіподақ қозғалысына үлес қосқаны үшін «Құлбарақ» шаруа қожалығының механизаторлары Абилов Жанболат Мергенбайұлы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, Құлбарақ Төле Қадырбекұлы 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталып, наградалары ұжым басшысы Құлбарақов Қадырбектің және округ әкімі Қуандық Ерсайынның қатысуларымен жұмыс орнында табыс етілді.
– Әрине бұл бірінші жағдай емес, – деді ауданымыздың «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Жайлыбаев: – Бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кәсіподақ қозғалысына үлес қосқандары үшін аудан бойынша ауылшаруашылық қызметкерлерінен 17 адам «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, 3 адам «Еңбек даңқы» белгісімен және 4 адам «Құрметті ардагер» белгісімен марапатталды. Бір жыл ішінде ауылшаруашылық саласы қызметіндегі 50-ден астам азаматтар өз өтініштерін беріп, кәсіподақ мүшелігіне кірді. Әрине, бұл өте аз. Дегенмен, мүшелікке қабылдау жұмыстары жалғасын табатын болады. Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары, аудан аумағында кәсіподақ қозғалысын жандандыру мақсатында ауылшаруашылығы саласындағы ұжымдарды, мекемелерді және қызметкерлерді «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің қатарына өтуге шақырамыз.

  • Мұрат Жайлыбаев,
    «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық
  • кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: