Қолжетімді және сапалы қызмет көрсету – басты назарда

284 Views

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге белгілі. Соның ішінде сервистік мемлекеттің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылуда. Бүгін­гі күні мем­лекет­тік қыз­мет көрсетудің тиімді жүйесін құру – мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақ­сат­тар­дың бірі болып табылады. 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республи­касының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған күннен бастап осы саладағы құқық­тық қатынастарды реттейтін негiзгi принциптер бекітілді, сондай-ақ, іргелі болып табылатын және Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жүйе­сін рефор­малауда маңызды рөл атқаратын тұжырымдамалық инновациялар оқшауланды.
Біріншіден, 2013 жылы Қазақстанда үйлестіру және бақылау жүргізу мақ­сатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы құжаттандыру, рұқсат алу қызметтерін тіркеу, анық­тамалық қызметтерді және т.б. қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі бекітілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда көзделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы кеңейтілді және онда келесі бағыттар ескерілді:
– мемлекеттік органдардың белгілі бір функцияларын іске асыру;
– көрсетіле­тін қызметті алу­шылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асыру;
– заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру.
Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Заңнамаға мемлекеттік қызметтер көр­сету сапасына қоғам­­дық мониторинг жүр­гізу ұғымы енгізілді. Шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, енгізілген бұл жаңашылдық арқылы қоғамдық сауалнама жүргізетін, оны жариялайтын, бағалайтын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін арнайы ұйымдар Қазақстанда құрылды. Бұл ұйымдар халықты әлеуметтік сауалнама, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес, талдау «құпия сатып алушы» және т.б. құралдарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды.
Үшіншіден, мемлекет­тік көрсе­тілетін қызметтер туралы заңы мемле­кеттік қызметтерді алушылардың кешенді құқықтарын, сондай-ақ, мем­ле­кеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібін реттейді.
Төртіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қа­нағаттану деңгейіне талдау жүргізу арқылы бюрократияның деңгейін төмендету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңайлату, сондай-ақ, олардың тиімділігін арттыру мақ­сатында мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және талдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Қолжетімділік, ашықтық, сапалы және уақтылы қызметтерді ұсыну электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы барынша қам­тамасыз етілуде. Сонымен қатар, электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету құжаттарын жеңіл өңдеуді, қысқа мерзімде алу­ды, мемлекеттік қызметтің кұнын төмендетуді және лауазымды тұлғалар мен қызмет алушылардың арасын­да­ғы тікелей байланысты жоюды та­лап ететінін атап өткен жөн.
Бесіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары әзірленіп, қа­был­данды.
Қағидалар мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды, көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметтерді алудың шарттарын, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді және т.б. белгілейді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы негізінде қызмет алушы алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдануына құқығы бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағи­дасы мекеменің ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бақылауға мүмкіндік береді және рәсімдеудің сапасы мен тиімділік деңгейін қам­тамасыз етеді. Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы талаптарының бұлжытпай орындалуы мемлекеттік орган­­дар­­дың қызмет көр­­сету процесіндегі «ашықтығын» қамтамасыз етеді және қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау­ды жүзеге асыру болып табылады. Со­ны­мен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қызмет алу­шылардың арыз шағымдары, со­нымен қатар профилактикалық тексе­рулердің тізімі негізінде және есеп­тік талдау­дың, өзге бақылау ны­сандарының нәтиже­лері негізінде жүргізіледі.
2022 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 11 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ, Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі. Мемлекеттік органдармен 2022 жылы II тоқсанына сәйкес, өңірімізде барлығы 6 043 408 қызмет көрсетілген.
Баламалы түрде қағаз нысанда ағым­да­ғы жылдың бірін­ші жарты­жылдығында 174 822 (2,9%) қызмет көрсетілсе, 2021 жылы 193 359 (4,6%) қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыс­тыр­ған­да қағаз нысан­ды көр­сетілетін қызметтер 1,7% азайып отыр.
Бірінші жартыжылдықта электронды түрде – 5 864 303 (97%) қызмет көр­сетілсе, 2021 жылдың осы кезеңінде –
4 006 091 (94,6%) қызмет көрсетілген, яғни өткен жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта 2,4% артып отыр.
Ағымдағы жылы қызмет берушілер­мен тікелей қағаз нысанда 4 283 (0,1%) қызмет көрсетілді, 2021 жылы – 32 797 (0,8%) қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта 0,7% азайды. Қазіргі таңда Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен аймақ тұрғындарын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін алу тәртібі туралы, сонымен қатар мемлекеттік корпорация және электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттану деңгейін жоғарылату тұрғысында мемлекеттік мекемелердің қызметін жандандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Мемле­­кеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті­нің мемлекет­тік қызметтер көрсету­дің сапасын бақылау саласы бойынша басты функцияларының бірі – жеке тұл­ғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көр­сету бойынша қолдау көрсету болып табылады.
Ескертпе: Егер мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтерді алу барысында құ­қықтарыңыз бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «A» мекенжайы бойынша немесе 43-88-49, 43-88-08 байланыс телефондарына хабарласуға болатынын хабарлаймыз.

Ш.Сұлтанхан,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Поделиться ссылкой: