Ізгі лебіз

547 Views

«Жас жүрген жер мереке,
Қарт жүрген жер береке» деп дана халқымыз текке айтпаған. Біз өзі текті жұрттың ұрпағымыз ғой. Мына сөздің өзінде терең мағына жатыр ғой, шіркін!
Осыдан бірер ай бұрын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбегімен еленген адамдарды қазіргі буынның жастарына насихаттау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл тұрғыда атап өтетін болсақ, ауданымызда көптеген еңбек озаттары бар. Айталық, Райзо Шәділбеков, Алпысбай Оңалбеков, Санат Қырықбаев, Шорабек Атабаев, Омар Нұрмашев,Үтілдә Тойғанбеков, Қадірбек Жапарқұлов секілді әр салада еңбек еткен ағаларымыз бен замандастарымыз бүгінгі жастарға үлгі боларлық азаматтар. «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегендей, қазір бұл кісілердің барлығы да бейнетінің зейнетін көріп отырған сыйлы жандар. Әрқайсысы да ауданда өтетін кез келген қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады.
Адам қартайғанда не тілейді? Елдің тыныштығын тілейді, әрине. Елде тек береке-бірлік орнаса екен дейміз. Бізден кейінгі орта буын, жастарымыз, бүлдіршіндеріміздің әрі күні жақсылыққа толы болса деп тілейміз. Бұл менің ғана емес, елдің болашағын ойлайтын әрбір қарттың жүрек түкпіріндегі сөзі деп білемін. Қадірлі ақсақалдар, ардақты замандастар, өздеріңізді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңіз сау болсын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ел тұтқасын ұстаған азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, тілекші болып отырайық. Заманымыз тыныш, азаматтарымыз қызметтеріне адал болсын. Елімізде тек жақсылық болсын.

Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: