Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
САРҒАЙҒАН СУРЕТ СЫР ШЕРТЕДІ
Қарттарға жасалған жақсылық – дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет.
1 қазан – Қарттар күні. Осыған орай, ауданның Құрметті ардагері, абыройлы ақсақал Алпысбай Оңалбековті құттықтап шықтық. Еңбек жолын ұзақ жылдар бойы денсаулық саласына арнаған қарияның өткеніне айтар алғысы шексіз. Ілгеріде кейіпкеріміз шалғайда жатқан «Үмбет» мал жайылымына барып, шаруа адамдарды емдеумен айналысқан.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген нақыл сөз бар емес пе?! Бүгінде 4 перзентінен 11 немере мен 13 шөбере сүйіп отырған Алпысбай ақсақалдың жүзінде шын бақыттың көрінісі байқалады.
Алпысбай Баймұратұлы ғұмырының басым бөлігін фельдшерлік қызметке арнаған. Әр мамандықтың қызығы мен қоса қиындығы да қатар жүретінін айтқан ақсақал:
– Қызметтік жолым 1965 жылдан басталды. «Үмбет» мал жайылым штабында дүкен, мәдени орталық, пошта, ветеринарлық кеңсе, амбулатория, радио желісі болатын. Ол кезде барып-келу айтарлықтай мәселе болатын. Себебі, астымыздығы көлігіміз тым ескі. Бірде сынады, бірде жүреді. Оның үстіне жол нашар. Кейіннен поштаның арнайы машинасымен жүретін болдық. Науқастардың жағдайы тіптен нашарлағанда санавиация шақырамыз. Оның өзі 2-3 сағатта келетін. Әйелдерді босандырып, шақалақтарды бауырымызға басқан сәттеріміз де болған. Міне, соның бәрінен өтіп, осы күнімізге шүкір етіп отырған жайымыз бар, қарағым, – деп ағынан жарылды.
Балалық шақтан сыр шерткен қариямыз бала шағында әртіс болуды да армандаған екен. Мектеп табалдырығында жүргенде 3-4 спектакльдердің басты рөлдерін сомдағанын да тілге тиек етті. Дегенмен, өмір ағымы жалындаған жас жеткіншекті медицинаға бұрған. Ақсақалдың айтуынша, медицинаға жүрек қалауымен келген.
Алпысбай Баймұратұлы сөзінің соңында Қазақстанның келешегі – жастардың қолында екендігін, өздеріне артылған міндетті абыроймен алып шығарына сенім білдіріп, батасын берді.
Қарттарын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауы – ұрпақтардың көрегенділігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Балжан Жеңіс.