Жеңіс туы желбіресін!
98 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Ақбота Әлімбердіқызы басқаратын «Балдырған» бөбекжайында білімді де білікті мамандар жұмыс істейді. Жақында аталмыш бөбекжайдағы «Көгершін» мектепалды даярлық тобы балаларының қатысуымен 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының тілдер күні мерекесіне орай «Тілден асқан байлық жоқ» деген тақырыпта ертеңгілік өтті. Шараның мақсаты – балалардың Ана тіліне деген құрмет сезімін арттырып, оларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат пен азаматша етіп тәрбиелеу.
Жоғарыда айтып өткенімдей, «Балдырған» бөбекжайында еңбек ететін әрбір қызметкер өз ісін жақсы біледі. Оны неліктен айтып отырмын? Себебі біз оны күнделікті өмірде көзбен көріп жүрміз. Балалар да таңертең бөбекжайға өздері барғысы келіп тұрады. Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте «Көгершін» тобындағы әрбір бүлдіршін жан-жақты қырларынан танылды. Өздерін еркін ұстады. Бұл тұрғыда Инна Аманжолқызы мен Зейнеп Қадірұзаққызы секілді бөбекжайда қызмет ететін мамандардың еңбегі зор деп білемін. Музыка жетекшісі Гүлмира Қашыпқызының да еңбегі ерен. Ол да осы бөбекжайдағы өзіндік беделге ие қызметкердің бірі. «Театр табалдырықтан басталады» демекші, мектеп те балабақшадан басталатыны ақиқат. Сондықтан Ұстаздар күні қарсаңында Ақбота Әлімбердіқызы басқаратын «Балдырған» бөбекжай бақшасының ұжымын даталы мерекелерімен шын жүректен құттықтағым келеді. Сіздерге толағай табыстар мен зор денсаулық тілеймін. Жетістіктеріңіз көп болсын. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Болашақта елдің тұтқасын ұстайтын бүлдіршіндеріміз аман болсын!
Ізгі ниетпен:
Баян Орынбекқызы,
«Көгершін» тобының ата-анасы.