Еңбегімен танылған азамат
39 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
1 қазан – Қарттар күні. Дәстүрге сәйкес, биыл да ел аумағында ауқымды іс-шаралар жоспары тізіліп, аталмыш мереке өз деңгейінде аталып өтті. Атап айтар болсақ, жергілікті әкімдік қызметкерлері, кәсіпорын және мекеме басшылары ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, қазыналы қарттарды құттықтады.
Қарттар күнінде ерекше құрметке ие болған қарттардың бірі – Төлепбек Танекеев. Бүгінде Қарақыстақ ауылдық округінің ардақты ақсақалына айналып отырған кейіпкеріміз талай жылдар бойы ауылшаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай қызмет атқарған. «Путь коммунизма» колхозында ұзақ жылдар бойы малшы болған Төлепбек ақсақал бүгінде 30 немере, 12 шөберенің атасы. Табанды еңбегімен ел ықыласына ие болып отырған ақсақалдың өткен жолы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлкен өнеге екені айтпаса да түсінікті.
Мереке қарсаңында 82 жастағы ақсақалды аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев арнайы барып құттықтап қайтты. Ақсақалдың ақ батасын алған Әлібек Мамытжанұлы Қарақыстақтың қазыналы қартына сый-сыяпаттар табыс етіп, иығына шапан жапты.
Жәнібек Сұлтан.