Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
1 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Семинардың ашылу салтанатында
аудандық білім бөлімінің бас маманы Садықбекова Назым Рахымқызы мен «Алтын сақа» бөбекжайбақшасының меңгерушісі Эльмира
Әлімбаева құттықтау сөз сөйлеп,
мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.
Тәжірибе алмасу алаңында отандық
және шетелдік белгілі ғалымдар мен
білікті мамандар мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда,
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің аға
оқытушысы, PhD докторы Еркебаева
Сәуле Жомартқызы «Бүгінгі ойын ертеңгі кәсіп: бала бойындағы soft skills
(икемді дағдыларды) дамыту » туралы
баяндады. Ал Қ.А.Ясауи атындағы
ХКТУ «Мектепке дейінгі және
бастауыш білім беру» кафедрасының
меңгерушісі, PhD, профессоры Сманова
Алуа Арыстановна «Ойын өмірлік
дағдыда: балабақшада ерте кәсіптік
бағдар берудің тиімді жолдары»
тақырыбында құнды әдістемелік
кеңестерімен бөлісті.
Семинардың мәденирухани бөлімінде бүлдіршіндердің қатысуымен
«Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі
желісінде сахналық қойылым ұсынылды. Интерактивті ойындар, музыка және қимылқозғалыс арқылы
балаларға еңбектің қадірін түсіндіруді,
уақытты бағалауды және достықты
дәріптеуді мақсат еткен бұл шара
қонақтардың жоғары ризашылығын
тудырды. «Нұршуақ» және «Гүлдер»
топтарының тәрбиеленушілері орындаған «Көбелектер биі» мен «Достар
әні» концерттің сәнін келтірді. Шара
соңында ерте жастан еңбек тәрбиесін
берудің өзектілігі төңірегінде қызу
пікір алмасу өтті. Аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ботакөз Болатқызы
Бакеева мен ауылдық ақсақалдар
кеңесінің төрағасы Сағынбек
Досымбеков, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова
бастаған кеңес мүшелері Бақыткүл
Мырзалиева, Раушан Шамшиева,
Ғалия Утеулиева, Ұлту Жайлышева
семинар жұмысына өте жоғары баға
берді. Мамандар мұндай халықаралық
деңгейдегі шаралар мектепке дейінгі
тәрбие мен білім сапасын жаңа
сатыға көтеретінін бірауыздан атап
өтті.
Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.