Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
1 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Қазіргі таңда халық арасында
денсаулыққа көңіл бөлу, дұрыс тамақтану және ағзаны қажетті дәрумендер мен минералдармен толықт ы р у ғ а д е г е н қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ
артып келеді. Осыған байланысты
биологиялық белсенді қоспаларды
(ББҚ) қолдану да кеңінен таралған.
Дегенмен ББҚ сатып алып, қолдану
кезінде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Биологиялық белсенді қоспалар –
адамның күнделікті тамақтану рационын толықтыруға арналған өнімдер.
Олардың құрамында дәрумендер,
минералдар, өсімдік тектес компоненттер, аминқышқылдары және басқа да
биологиялық белсенді заттар болуы
мүмкін. ББҚ дұрыс тамақтануды алмастырмайды және дәрілік зат ретінде
қарастырылмауы тиіс.
ББҚ таңдағанда неге назар
аудару керек?
Тұтынушы биологиялық белсенді
қоспаны сатып алар алдында өнімнің
қаптамасында көрсетілген ақпаратпен
мұқият танысуы керек. Ең алдымен
өнімнің атауына, құрамына, өндірушісіне, жарамдылық мерзіміне, сақтау
шарттарына және қолдану жөніндегі
ұсынымдарына назар аударған жөн.
Өнімнің қаптамасы бүтін, таңбалануы
анық және толық болуы тиіс. Жарамдылық мерзімі өткен, қаптамасы бүлінген немесе шығу тегі белгісіз өнімдерді сатып алуға және пайдалануға
болмайды. Қазіргі уақытта ББҚ сауда
орындарымен қатар интернетдүкендер
мен әлеуметтік желілер арқылы да
сатылуда. Интернет арқылы өнім
сатып алғанда тұтынушы оның шығу
тегіне, өндірушісі туралы мәліметтерге
және өнімнің қауіпсіздігін растайтын
ақпаратқа назар аударуы қажет. Тек
жарнамалық сипаттағы мәліметтерге
сүйеніп, өнімді өз бетінше таңдамаған
дұрыс.
ББҚ-ны шамадан тыс қолдануға
болмайды
Дәрумендер мен минералдар
адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Алайда олардың
шамадан тыс мөлшерін қабылдау
әрдайым пайдалы емес. Сондықтан
биологиялық белсенді қоспаларды
өндірушінің ұсынымдарына сәйкес
қолдану маңызды. Бірнеше ББҚны
қатар қабылдайтын жағдайда олардың
құрамын салыстырып қараған жөн.
Себебі әртүрлі өнімдердің құрамында
бірдей дәрумендер мен минералдар
болуы мүмкін. Бұл олардың жалпы
мөлшерін бақылауды қажет етеді.
Балаларға, жүкті және бала емізетін
әйелдерге, сондайақ, денсаулық жағдайына байланысты ерекшеліктері бар
адамдарға ББҚ таңдауда ерекше сақтық
қажет. Қажет болған жағдайда маманнан кеңес алған дұрыс.
Биологиялық белсенді қоспалардың
сапасы өнімді дұрыс сақтауға да
байланысты. Сондықтан қаптамада
көрсетілген сақтау температурасы,
ылғалдылық деңгейі және басқа
да талаптар сақталуы тиіс. ББҚны
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтау қажет. Жарамдылық мерзімі
өтіп кеткен немесе сақтау шарттары
бұзылған өнімдерді қолдануға болмайды. Сонымен қатар өнімді сатып алған
кезде оның сыртқы түріне де назар аударған жөн. Қаптамасы зақымдалған,
жапсырмасы өшіп қалған немесе өнім
туралы маңызды ақпарат көрсетілмеген
жағдайда оны сатып алудан бас тартқан
дұрыс. Адам денсаулығын сақтаудың
негізі – дұрыс тамақтану, жеткілікті
дене белсенділігі, дұрыс күн тәртібі
және салауатты өмір салтын ұстану.
Биологиялық белсенді қоспалар осы
қағидалардың орнын алмастырмайды,
тек тамақтану рационын толықтыруға
арналған. Сондықтан әрбір тұтынушы
ББҚ таңдаған кезде жарнамаға ғана
сенбей, өнім туралы ақпаратты мұқият
оқып, оның сапасы мен қауіпсіздігіне
назар аударуы қажет.
Қорытындылай келе, биологиялық
белсенді қоспаларды дұрыс таңдау
және қауіпсіз пайдалану – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінің бір бөлігі. Өнімді сатып
алмас бұрын оның таңбалануын,
құрамын, жарамдылық мерзімін
және сақтау шарттарын тексеру –
қарапайым, бірақ маңызды қадам.
Халықтың ББҚны қауіпсіз қолдану
жөніндегі сауаттылығын арттыру –
тұтынушылардың денсаулығын
қорғаудың маңызды бағыттарының
бірі. Сондықтан денсаулығымызға
немқұрайлы қарамай, кез келген өнімді
саналы түрде таңдайық.
Ж.ИМАНБЕКОВ,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы.
А.ӘМІРЖАНҚЫЗЫ,
санитариялық-гигиеналық
бақылау, техникалық регламенттер
талаптарының сақталуын бақылау
бөлімінің бас маманы.