«Таза Қазақстан» — болашақтың бастауы
37 ViewsСіз білесізбе? Соңғы 2 жылдың ішінде қазақстандықтар 2 млн. тонна қоқыс жинап, 5,5 млн ағаш отырғызды. Йә бұл жәй ғана статистика емес, бұл «Таза…

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды, деп хабарлайды
Қарақат Әбденді Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға сауалдар жолдады. Олардың мәліметінше, Қарақат Әбденнің кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелуіне еш кедергі жоқ.
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін анықтады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров
2022 жылғы 10 қазанда Қарақат Әбденнің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтау бойынша ОСК лингвистикалық комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашаға белгіленді.