Правовые акты
14 ViewsОб утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі 22 сентября 2026 года В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституционного закона Республики Казахстан «О Қазақстан Халық…
Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті. «Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысуда. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамыз. Соның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», – деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев. Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.