367 Views
Асар – қазақ салтына ертеден сіңген дәстүрлердің бірі. Алыстағы ағайыннан гөрі жақындағы көршісін артық көретін біздің халық ауылдастарының кем-кетігін аталмыш дәстүр аясында түгендеп, қол ұшын әрдайым созып отырған.
Асар – қазақ салтына ертеден сіңген дәстүрлердің бірі. Алыстағы ағайыннан гөрі жақындағы көршісін артық көретін біздің халық ауылдастарының кем-кетігін аталмыш дәстүр аясында түгендеп, қол ұшын әрдайым созып отырған.
Шамамен екі-үш жылдың жүзі болды-ау! Аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүзеге асуда. Артық айтты демеңіз, облыс аумағында жоба аясында соғылған баспаналардың басын қоссаңыз, толық бір ауылдың аумағына жетіп қалды-ау, шамасы. Ресми деректерге сүйенсек, аудан аумағында 30-дан астам баспана сыйға тартылған. Нақты айтар болсақ, 2020-2021 жылдары 30 үй салынса, 2022 жылы аталған жоба аясында 13 үйдің құрылысы жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 4-еуі пайдалануға берілген. Қалған 6 үй жыл соңына дейін мұқтаж отбасыларға берілмек ниетте. Бұл туралы аудан әкімі Ернар Есіркепов Көгершін ауылының тұрғыны Нұрлан Кездікбаевқа кезекті үйді табыстау сәтінде сөз етті. Аудан әкімі өз құттықтау сөзінде үй иелеріне ыстық ықыласын білдіріп, әкімдік қызметкерлері атынан сый-сияпатын көрсетті.
Шара барысында Көгершін ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Серік Өтегенов те сөз сөйледі. Ауыл ардагері аталмыш отбасының шаңырағынан құт-береке кетпесін деп батасын берді.
Дәл осылай асарлатып салынған үйлер Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде де табысталды. Баспанаға ие болған үй иелерінің қуанышына ортақтасу үшін Жаңатұрмыс ауылына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев қатысып құттықтаса, Қарақыстақ ауылындағы қуанышқа аудандық мәслихаттың хатшысы Ербол Әбутәліпов арнайы барып, баспана кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Жәнібек СҰЛТАН.
Поделиться ссылкой: