Модульдік полиция бекеті ашылды

296 Views

Сондай-ақ, Республика күніне орай аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағының алдынан дәл мына сурет­тегідей модульдік полиция бекеті ашылды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл жердегі жиынға да қатысып, құт­тықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ернар Серікәліұлы ауданда қоғамдық тәртіпті назарға алып, атқарушы билік пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқа­рып келе жатқан аудандық полиция бө­лі­мінің қызметкерлеріне ризашылық білдіре келіп, полиция бөлімінің басшысы Шалқар Дәулетқұловқа модульдік полиция бекетінің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Содан соң сөз сөйлеген аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев пен «Құлан-Дән» несие серіктестігі басқармасының директоры Рахманәлі Әбдіқадыров аудан орталығынан модульдік полиция бекетін ашу көптен бері мәселе болып қозғалып келе жатқандығын тілге тиек етіп, Республика күні қарсаңында салтанатты түрде ашылған бұл модульдік бекет­тің шынтуайтында пайдасы зор екенін айтты. Алдағы уақытта модульдік бе­кет қызметкерлері аумақты патруль­деп, тәулік бойы кезекшілік атқара­тын болады. Сондай-ақ, модульдік бекет тұрғындардың полицияға жүгінуіне ыңғайлылық тудырып, халықтан келіп түскен өтініш пен арыздарға көмек көрсету үшін жылдам әрі жедел әрекет етуге арналып отыр.

    «Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: