Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер Кеңесінің Үндеуі
Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттар өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Барлық кандидаттар ел аумағындағы өңірлерге барып, сайлаушылармен кездесуде. Оның қалай және қандай деңгейде өтіп жатқандығын күнделікті теледидар мен баспасөз беттерінен оқып отырған боларсыздар. Біз мына жайтты санаға мықтап тоқығанымыз абзал. Ол – осы елдің берекелі бірлігі мен татулығы қыр асқан тыныштығы. Мына қаумалап өсіп келе жатқан өрімдей жастарымыздың болашағы. Әйтпесе, әріге бармай-ақ қояйық, жиырмасыншы ғасырдың өзінде қарға тамырлы қазақ халқы талай нәубетті бастан кешкен жоқ па? Бірақ, біз, темірдей төзім мен еркіндікке деген ерік-жігердің арқасында оны да жеңіп шықтық. Қандай қиындық кездессе де, барлығынан аман өттік. Осының бәрі қат-қабатты тарихта жазулы тұр. Ол ешқашан сана көгінен өшпек емес. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың:
– Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат, – деген нақыл өсиеті бар. Бұдан асырып не айта аласың.
Шүкір, қазір, Қазақстан алты құрлыққа айдарынан жел ескен қуатты мемлекет ретінде танылды. Әлемнің алпауыт мемлекеттері Америка Құрама Штаттары дейсіз бе, Қытай Халық Республикасы дейсіз бе, Ресей Федерациясы дейсіз бе, солардың барлығымен саяси һәм экономикалық қарым-қатынасымыз қарышты дамып келеді. Елімізде көптеген саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Ол керек. Өйткені, 30 жылда біз сыртқы саясатымызды көбірек ойласақ, қазір елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен берекелі бірлігі көбірек ойландыруға тиіс. Бұл тұрғыда да көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, біз, Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ұстанған көзқарасы мен сайлауалды бағдарламасын тұтастай қолдаймыз. Ол – нағыз дипломат. Біріккен ұлттар Ұйымында қызмет атқарды. Қысқасы, әлемдік геосаяси жағдайдың әлеуетін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы біледі. Жаңа Қазақстанда бәрі жаңаша болу керек. Осының бәрін таразылай келе, сондықтан аудандық газет арқылы біз осындай Үндеу жариялап отырмыз. Еліміз еңселі, бірлігіміз берекелі болсын. Азаттықтың туы аспан көгінде мәңгі желбірей берсін.
Тұрар Рысқұлов аудандық
ардагерлер Кеңесі.