Қола жүлде Еділбектің еншісінде

587 Views

Қола жүлде Еділбектің еншісінде

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокс жаттықтырушысы болып еңбек ететін Еділбек Тайлақов таяуда Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен марафон жарысында жүлделі III орынға ие болды. Әлемге танымал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған марафон бәсекесіне 2000 спортшы қатысқан. Еділбек Тайлақовтың айтуынша, Бішкектегі марафоншылар сайысы әр түрлі жас аралығында өтіпті. Өзі бақ сынаған 44 пен 54 жас мөлшеріндегі сайыста құландық марафоншы мәреге 1 сағат 35 минут 18 секундта келген екен.

–Жүгірумен айналысып жүргеніме 3 жыл болды. Бұл спорт денсаулыққа өте пайдалы. Өзім барған жерімде салауатты өмір салтын насихаттап жүретін азаматпын. Әрине, Бішкекте өткен марафон сайсынан жүлделі III орын алғаныма қуаныштымын. Жарақатым болмағанда, одан да жоғары нәтижеге қол созуға болар еді. Алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыратыныма бек сенімдімін,-деді Еділбек Тайлақов бізге берген сұхбатында.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой: