Сайлау-2022: Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды

296 Views

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысында болып, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол кәсіпорын ғалымдарымен кездесіп, олардың елдің ғылыми саласын дамытуға қатысты пікірлерін тыңдады.

«Фитохимия» холдингі –  Қазақстан мен Орта Азияның өсімдік шикізаты негізінде дайындалатын бірегей дәрілік препараттардың жетекші әзірлеушісі. Бүгінде кәсіпорын өсімдік шикізатын өңдеуден, субстанцияны алудан бастап дайын дәрілік нысандарды, бірегей фитопрепараттарды өндіруге дейінгі толық технологиялық цикл енгізілген фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды іске асырумен айналысады.

Сайлау-2022: Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды

Холдингтің құрамына ғылыми кешеннің өзі орналасқан ботаникалық бақ кіреді. Алайда, кейбір мемлекеттік құрылымдар тұрғын үй алаптарын салу мақсатында ҒЗИ ботаникалық бағының жерлеріне көз тіккен сыңайлы. Соңғы  кездері сондай қауіп бар. «Ауыл» партиясы мен кандидат Жигули Дайрабаев ботаникалық бақтың болашағына алаңдаулы.

«Ботаникалық бақ, зерттеу орталығы сияқты, қазақстандықтар, әсіресе Қарағанды тұрғындары үшін маңызды нысан. Бұл жерлерді кәсіпорыннан қаланың келесі көпқабатты үйлері немесе тұрғын үй алаптарын салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Технологиялардың дамуымен және адамзаттың жаңа жетістіктерімен өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрынғыдан да өзекті болып қала береді», – деді Жигули Дайрабаев.

Сондай-ақ, кандидат Жигули Дайрабаев ғылыми орталық қызметкерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ғалымдар ғылыми саланы, атап айтқанда, дәрілік препараттарды өндіру саласын дамыту, оның болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Кездесу соңында бойынша жиналғандар кандидатқа сайлауалды жарыста сәттілік тіледі.

Поделиться ссылкой: