Пилоттық жоба жалғасын табады

306 Views

Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында жауапты сала басшыларымен жиналыс өтті.
Аталған жоба 2019 жылы ауданда алғаш рет Құмарық ауылдық округінде жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде Құмарық ауылдық округінің тұрғындарына жобаның 5 бағыты бойынша несиелер берілді.
Биыл аталған жоба Абай ауылдық округінде, келесі жылы Көгершін және Көкдөнен ауылдық округтерінде жалғасын таппақ. Осы орайда, аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аталған үш ауылдық округтің әлеуметтік паспортын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, жобаның І бағыты бойынша үй іргесіне картоп, қырыққабат секілді өнімдерді көптеп отырғызу мүмкіндіктерін қарастыруды жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: