Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

401 Views

Көліктегі полиция департаментінің Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобы, сондай-ақ, «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының өкілі Ә.Мырқасымов пен теміржол вокзалының қызметкері А.Шүкеев бірлесіп, Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында №55-ші «Көкшетау- Қызылорда» бағытында қатынайтын поезд жолаушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, поезд жолаушыларына көші-қон заңнамасы, яғни шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағида, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша іске асырылған профилактикалық іс-шараның мақсаты мен міндеті айтылып, кеңес берілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: