Сот кабинеті

519 Views

«Сот кабинеті» бұл – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
«Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алу қажет.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясын енгізді.
Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.
Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою «Egov mobile» мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервисі жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.
Артықшылықтары:
«Egov mobile» арқылы ЭЦҚ алу;
Компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде);
Мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеті жоқ.
Мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.

Г.Орымбекова,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

Отбасылық жұп некені сақтап қалды

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының азаматтық іс құжаттарына сай, А., «отбасын сақтап қалу мүмкін емес» деп есептеп, Б.-ға неке бұзу туралы талап арызбен жүгінген. Істі сот қарау барысында судья медиатордың және билер кеңесі мүшесінің қатысуымен келген екі тарапқа татуласуға құқылы екендіктерін және дауды татуласу рәсімдерімен шешу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Әңгімелесуден кейін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Отбасылық жұп некені сақтау туралы шешім қабылдады.
Соттың ұйғарымымен, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: