МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІ АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТКІЗІЛДІ

458 Views

Т.Рысқұлов ауданы бойынша математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының ұйымдастыруымен «10-11 сыныптарда математика курсы­ның күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша кезекті көшпелі курс жұмысы оң бағытта өріс алды. Қазіргі таңда мұғалімнің жаңа бағытта әдістемелік тәжірибесінің толысып отыруына ықпал етуге біз де мүдделіміз. Ежелгі грек философы әрі математигі Пифагор «Дүние сан арқылы танылды, санда даналық, гармония, үйлесімділік бар» деп дүниенің алғашқы себебін сан деп білген. Ендеше санның тілін түсінген адам, дүние қозғалысының «кілтін» де біледі. Әр ғылым математикадан жырақ емес. Ендеше мектеп оқушылары­ның математиканы жақсы меңгеріп шығуы үшін пәнді қызықтырып өткізуге барынша жұмыс жүргізудеміз.
Маңыздысы, мұғалімдердің де ынтасының жоғарылығы болды. Тыңдаушылар өз іс-тәжіри­белерін ортаға салып, ой бөлісіп, тәжірибе­лерімен бөлісуде құштар­лықтарының басым екенін байқатты. Оның дәлелі, DESMOS қосымшасының көме­гімен күрделі стереометриялық есептерді белгілі теоремалар арқылы шеші­летін типтік есептерге келтіру, тригоно­мет­риялық теңдеулерді шешу әдістерімен бөлісуде. Geo Gebra қосымшасының көмегімен салуға арналған алгебралық, геометриялық есептерді шешу жол­дарымен танысуда барлық тыңдау­шылар үшін бұл курс тиімді болды. Әсіресе жас мамандардың білуге деген ынтасы жоғары екені байқалды. Курс барысында комбинаторика элемент­тері, комбинаторикалық есептерді шешуге ерекше мән берілуде. Логика­лық есептерді шешуге Эйлер-Венн диаграм­маларын қолдану әдістері кеңінен қолданылып, талқыланып, өзара тиімділігін талдауда ұстаздар ойын ашық, еркін айтып, белсенділігін танытуда. Пікір алмасу барысында жас мамандар педагогтердің пайдалы тәжірибелерінің толысуына ықпал еткен «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының курсты аудандарға келіп өткізуіне зор алғысын білдіріп, математика пәні бойынша күрделі тақырыптарды оқытуда жаңа әдістемелерді сабақта пайдаланудың тиімділігін үйреткені үшін ризашылықтарын жеткізді.

Парида Каркабаева,
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының тренері.

Поделиться ссылкой: