Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф. С. Сатыбаевты тіркеді

352 Views

Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

Ф. С. Сатыбаевты тіркеді

2022 жылғы 8 қарашада Ортсайлауком отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.С. Сатыбаевты тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ұлттық қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2022 жылғы 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін.

2) Ф. С. Сатыбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3) ) Ф. С. Сатыбаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

 

 

Тапсыру барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ф.С. Сатыбаевтың Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал екенін атап өтті. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

 

Соңында ОСК Төрағасы Ф.С. Сатыбаевқа депутаттық корпус құрамындағы жаңа жұмысына табыс тіледі.

Поделиться ссылкой: