Кеңейтілген отырыс өтті
14 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Сәрсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар тренинг өтті. Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Айдапкеловтің модераторлығымен өткен жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен төрайымдары, хатшылары және сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинар кеңесте алдымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Айдапкелов сөз сөйледі. Содан соң сайлау процесін ақпараттандыру және сайлауалды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева бағдарлы баяндама жасады. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін ҚР ОСК бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы А.Боранбаев, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес, жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру туралы С.Қойшыбаев, сайлаудың өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру жөнінде Ж.Бекбергенова және сайлау күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы Талғат Жамалов мінбеге шығып, баяндама жасады. Талғат Жамалов өз баяндамасында сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімін қалыптастыру, учаскелік сайлау комиссиясы белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидалары туралы, сайлау комиссиясының үй-жайында болуға тиіс журналдармен ақпараттық материалдар, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыс беру құқын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру, сайлаушының бүлінген бюллетеньдерін ауыстыру туралы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау, жарамсыз бюллетеньдерді есептеу және сайлауды қорытындылау туралы сөз қозғап, тұшымды кеңестер айтты. Сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша аудандық прокуратураның аға прокуроры Н. Абдешов, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы аудандық полиция бөлімінің өкілі А.Мамытбековтің де баяндамасы тыңдалды. Семинар кеңесте Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева іскерлік ойын жүргізіп, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің учаске ашу, бюллетеньдер беру, ұлттық, халықаралық БАҚ-ты, кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу, оның ішінде мүгедек адамдар үшін дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және қорытындылау рәсімдері туралы ойға қонымды кеңестер айтты. Сондай-ақ, Сара Қабылбекқызы құқық қорғау органдарымен бірлескен тиісті іс-қимыл алгоритмімен жұмысты ұйымдастыру туралы да қажетті кеңесін айтты. Көшпелі семинар кеңесті Серғазы Өмірзақұлы қорытындылап, сайлау кезінде барлық заң талаптарының сақталуы қажеттігін ескертті.
Марат Диханбай.