Тағайындау
Т.Рысқұлов ауданы әкімі Ернар Есіркеповтің 2022 жылғы 9 қарашадағы №248-ө/жқ өкімімен Қабілет Абдирахманов Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Қабілет Абдирахманов 1990 жылдың 11 тамызында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжін «Теміржол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы және өндірістік құрылыс», 2014 жылы Халықаралық Білім беру Корпорациясының («Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы» Кампусы) «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы 26 желтоқсаннан бастап, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2013-2014 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, 2014-2020 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, 2020-2021 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып еңбек еткен.
2021 жылдың 11 мамырынан бастап, бүгінгі күнге дейін Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.