Айару үздіктер қатарынан көрінді
36 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. Олардың қиын жағдайынан бүкіл еліміз хабардар.
«Бұл – ауқымды және өте өзекті проблема. Жалғыз басты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс», – деді СалтанатТұрсынбекова.
Кездесуге қатысқан әйелдер алимент өндірудің қолданыстағы әдістері тиімсіз деп санайды.
Кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі негізгі мәселелердің бірі – борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйене отырып айқындалады.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова толық емес отбасын қолдау тақырыбын көптен бері көтеріп келеді. Сонымен қатар, үміткер сапар барысында Yessenov университетінің оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен де кездесті.