23 маусым – Қазақстан полициясы күні
41 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Бізге «ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай?» деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі – ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.
Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады.Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу – екеуі екі бөлек нәрсе.
Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.