Нұржан Нұржігітов: Өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарды белсенді атқаруға тиіспіз

434 Views

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов­тің төрағалығымен өткен кеңесте рес­пуб­­ли­калық және жергілікті бюджет есебінен және Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге аса­тын жоспарлы жобалар талқыланды.
Облыс әкімі жылдың аяқталуға жақын қалғанын атап өтіп, жауаптыларға негізгі әлеуметтік көрсет­кіш­тердің орындалуын қамтамасыз етуді және мемлекеттен бөлінген бюджет қаражаттарын толық игеру бойынша шаралар қабылдауды тап­сырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы жыл­дар­ға бюджетті жоспарлау, нақтылауға қатыс­ты бір­қатар мәселелерге назар аударды. Басқосуда Тараз қаласы мен аудандар бойынша жеке-жеке тоқ­талған басқарма басшылары жобалар бойынша өзекті жайттарды тілге тиек етті.
Нұржан Нұржігітов барлық саладағы құры­лыс­қа қажеттілік бойынша нысандардың жобалық-смета­лық құжаттамаларын әзірлеу барысын толық тал­дап, нақты ұсыныс енгізу қажеттігіне назар ау­дарды.
– Қазіргі қалыптасып отырған жағдайды ескере оты­рып, облыс экономикасына әсерін тигізе­тін негізгі салалардың жұмыс қарқынын бәсең­детпеу маңызды. Орындаушылық тәртіпке аса көңіл бөлу керек.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту және облыс тұр­ғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді ше­шуге, өңіріміздің дамуына бағытталған жұмыс­тар­ды белсенді атқаруға тиіспіз, – деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: