421 Views
«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында Құлан ауылдық округі, Халыққа қызмет көрсету орталығында «Жастарға кеңес беру алаңы» атты жиын өткізілді.
Кеңес беру алаңында 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті бітіруші түлектер түрлі мәселелеріне жауаптар алды.
Кеңес беру алаңында «Отбасы банк», «Халық банк», «КМФ» микроқаржылық ұйымдарының қаржы консультанттары, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы және психолог, заңгер мамандары жергілікті тұрғындарға, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мұғалімдеріне, аудан жастарына кеңестерін берді.
Шараға барлығы 50-ден аса жастар мен тұрғындар қамтылды. Қатысушылардың басым бөлігі өз кәсібін бастау үшін несие рәсімдеу маманына, сонымен қатар, тұрғын үй алу мәселесі бойынша «Отбасы банк» қаржы консультанттарына жолығып, сауалдарын қойды. Ал, жеке мәселелер бойынша жастар психолог маманынан кеңес алды.
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында Тұрар Рысқұлов ауданында «Бір пара – екі қылмыскер» атты түсіндіру кездесулері өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға жалпы сыбайлас жемқорлық туралы және оның келтірер зардабы туралы толық ақпараттар айтылды. Кездесуге Жамбыл облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы – Мұратбаев Қаныбек Жарылқасынұлы және «Тұрар Рысқұлов – адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Қуанышбай Мәулен Есенғалиұлы қатысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Тұрғындар немесе қызметкерлер өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет екендігі жайлы, Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылатындығы атап өтілді.
Шараға ауылдық әкімшілік қызметкерлері, мамандар, кітапхана қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.
Дін және жастар
«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік жобасының аясында Абай ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Діннің адам өмірінде алатын орны туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде Тараз қалалық «Ар-Рахманир Рахим» мешітінің бас имамы – Ембергенов Амангелді жастарға әсерлі уағыз-насихат айтып, жан-жақты сұрақтарға жауап берді. Дәстүрлі дінге деген көзқарасты өзгерту мақсатында радикалды ағымдар таратып жатқан уағыздардың зардабы мен нәтижесі туралы айтып, деструктивті ағымдардың шығу тарихы мен жолын түсіндірді.
Шараға жастар және мұғалімдер, қызметшілер қатысты.Іс-шараға жалпы саны 40 адам қатысты.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: